Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді
Түркістан облысында 14 наурыз Көрісу күні мерекесіне орай барлық аудан-қалаларда арнайы челлендж өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Іс-шараның мақсаты – қазақтың салт-дәстүрін жаңғыртып болашақ ұрпаққа дәріптеу.
Шара барысында ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар көрісу дәстүрін орындап, ақ баталарын берді.
Айта кетейік, биыл облыс көлемінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурызнаманың" онкүндігі жоспары бекітілген.
Осылайша мерекеге дейінгі әрбір күн арнайы атаумен аталып, сол негізінде іс-шаралар ұйымдастырылады.