Алматыдағы №236 сайлау учаскесінде (№145 мектепте Әл-Фараби атындағы) жақында 102 жасқа келетін қарияға «жүз жасқа дейін өмір сүріңіз» деген тілек айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бейнежазбаны бақылаушы Ерболат Дияр жариялады. Онда қария келесі жылы 102 жас толатынын айтып жатыр. Қасындағы қызметкер қарияға тілек айтып тұрып: «Жүз жасқа жетіңіз» деген сөзді қосып жіберді.
Желі қолданушылары бұл бейнежазбаны таратып, күлкілі пікірлер жазып жатыр. Қарияның аң-таң болған кейіпін де айтып, пікір жазып жатқандар көп.
Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтті. Ел бойынша дауыс беру учаскелерінде полиция бірнеше журналист пен белсенділерді ұстады. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи осы жағдай жайлы пікір білдірді.