Амнистия: бірінші кезекте кімдердің айыппұлы кешіріледі

Qaz365.kz редакциясы
astana.gov.kz

Қазақстанда жоспарланып отырған әкімшілік амнистия аясында айыппұлдарды ең алдымен әлеуметтік осал топтарға кешіру ұсынылды. Бұл туралы Сенат депутаты Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Парламентте жүріп жатқан талқылаулар барысында депутаттар бірінші кезекте ардагерлерді, мүмкіндігі шектеулі жандарды және көпбалалы отбасыларды қамту қажет деген ұстанымды қолдап отыр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 17 наурызда қосымша амнистия жүргізуді тапсырған болатын. Бұл шара азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылады.

Ал Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, амнистия аясында қазақстандықтардың өтелмеген айыппұлдарын толық немесе ішінара есептен шығару мүмкіндігі қарастырылып жатыр.