Жастар – қоғамның қозғаушы күші
Бүгін Тараз қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акция аясында, «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов әлеуметтік желідегі парашасында жазды.
Ашылу салтанатының ресми бөлігінен соң «Қарахан» кесенесінің аумағында ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны көгалдандыру және тарихи-мәдени мұра нысандарын абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын тапты.
«Жасыл ел» – тек еңбек етіп қана қоймай, бірлікті, достықты және жауапкершілікті, тәртіп және патриоттық сезім қалыптастыратын маңызды бастама. Бұл жоба жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, оларды игі істерге жетелеп келеді. Халқымыз «Жас келсе – іске» деп бекер айтпаған. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Сондықтан жастардың белсенділіктері мен еңбектері – еліміздің жарқын болашағының кепілі», – деп жазды өңір басшысының орынбасары.