FlyArystan инклюзивті ортаны дамыту бастамаларын қолдайды

Qaz365.kz редакциясы

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату айының аясында бірқатар бастамаларды қолдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әуекомпания 4 сәуір күні Астанада өтетін жыл сайынғы Autism Talks кездесуінің логистикалық серіктесі болады. Іс-шара диалог жүргізуге, ата-аналарды қолдауға және сарапшылардың баяндамаларына арналған ашық алаңға айналады.

«FlyArystan үшін тек қолжетімді әуе тасымалдаушы болу ғана емес, сонымен қатар қоғамның жауапты мүшесі болу да ерекше маңызды. Инклюзивті бастамаларды қолдау – біздің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясындағы тұрақты жұмысымыздың бір бөлігі. Біз инклюзивті ортаны дамытуға және адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған нақты нәтижеге ие жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Әуекомпания ретінде біздің рөліміз тек қалаларды байланыстыру ғана емес, адамдардың бір-біріне жақын болуына ықпал ету деп білеміз», – дейді «FlyArystan» АҚ Президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген.

FlyArystan сондай-ақ «Bolashak Charity» қоғамдық қоры ұйымдастыратын жыл сайынғы Run for Autism қайырымдылық жүгіру шарасының серіктесі болады. Бұл жоба халықаралық қозғалыстың бір бөлігі болып, кәсіби спортшыларды, даму ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді, олардың отбасыларын, мүмкіндігі шектеулі жандарды және барлық ниет білдірушілерді біріктіреді.
Төртінші жыл сайынғы жүгіру 2026 жылғы 26 сәуірде Астана қаласындағы Ботаникалық бақта өтеді. Қатысушыларға 1-ден 10 км-ге дейінгі төрт қашықтық, сондай-ақ инклюзивті белсенділік ойындары мен сыйлықтар ұтысы ұсынылады. Сыйлықтар қатарында Астана – Батуми – Астана бағыты бойынша әуебилеттеріне сертификаттар бар. Сонымен қатар, әуекомпания қор қамқорлығындағы балалар мен оларды ертіп жүретін тұлғаларды Қазақстан өңірлерінен жүгіруге қатысу үшін тегін тасымалдайды.

«10 жылдан астам уақыт бойы Bolashak Charity қоры Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту бағытында – инклюзияны қолдау кабинеттерін ашудан бастап, мамандарды даярлау мен заңнамалық деңгейдегі өзгерістерді енгізуге дейін жұмыс істеп келеді. Бүгінде қор моделі бойынша елімізде 1 500-ден астам инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді, ал жобаларымыз мыңдаған отбасыларды қамтыды. Сәуір айы біз үшін ерекше кезең. Біз оны ата-аналар мен мамандарға арналған ашық диалог алаңы – Autism Talks іс-шарасымен бастап, мыңдаған қатысушыларды біріктіретін Run for Autism қайырымдылық жүгіруімен аяқтаймыз. Бизнестің, соның ішінде FlyArystan секілді серіктестердің қолдауы бізге аутизмі және басқа да менталдық ерекшеліктері бар жасөспірімдердің мүмкіндіктерін, оның ішінде кәсіби білім алу және әлеуметтік бейімделу бағытында кеңейтуге мүмкіндік береді», – дейді «Bolashak Charity» қорының Қамқоршылар кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Қайырымдылық жобаларын қолдау FlyArystan-ның инклюзивті ортаны дамытудағы практикалық ұстанымын көрсетеді. Бұған дейін әуекомпания «BI Жұлдызай», «Особые праздники», «Территория успеха», Heart Center Foundation, Menin Armanym және «Наследие» қорларымен бірлесіп медициналық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асырған.