Қазақстанда инфляцияның түсуі зейнатақы жинағының кірісіне оң ықпал етіп, сәуірдің өзінде БЖЗҚ пайдаға кенелуі мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2026 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 11% жылдық көрсеткішкіне баяулаған. Салыстырмалы түрде қаңтарда 12,2% көрсеткен еді. 2026 жылдың 1 наурызында Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы қорының активі 25,87 трлн теңге болды. Qazaq Expert Club қаржыгері Саида Тілеуленованың пайымдауынша, инфляцияның төмендеуі зейнетақы қорының кірісіне тікелей әсер етеді.
«Біріншіден, пайыздық мөлшерлемеге қысым азаяды. Инфляция баяулағанда Ұлттық банк болашақта ақшалай-несиелік саясатын жұмсақ жүргізуге мүмкіндік алады. Бұл БЖЗҚ портфелінің айтарлықтай бөлігін алатын облигациялардың қымбаттауына себеп болады. Нәтижесінде қайта бағалау оң нәтиже береді, яғни, сатып алған құнды қағаздың құны артады», – дейді сарапшы.
БЖЗҚ ақпаратына сүйенсек, 2025 жылы қаржылық құралдардың кері қайта бағалауының теріс нәтижесі 500,7 млрд теңге, ал шетелдік валютада 166,1 млрд теңге болған. Бұл жерде инфляцяның түсуі мен активтердің қауіпсіз кірісі кері эффект беруі мүмкін, яғни, активтердің құны артады. Тағы бір маңызды фактор бар, ол – кірістің өсуін дұрыстау. Егер 12% инфляция кезінде 10–12% кіріс кірсе, онда айтарлықтай пайда болмайды, ал егер баға 8-9% пайызда баяуласа, онда салымшылардың кірісін әлдеқайда молайтады.
Сондай-ақ сарапшылар белгілі бір уақытша шектеулердің болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның ішінде теңгенің орнығуы немесе оның құбылуы портфелдің валюталық бөлігіне қысым жасауы әбден мүмкін, себебі БЖЗҚ активтерінің 30-35% шетелдік валютада көрсетілген.
«Жалпы алғанда инфляцияның баяулауы – облигация құнының өсіп, зейнетақы қорының кірісін оңдауға әсер ететін фактор. Қарапайым тілмен айтқанда, инфляция жоғары болса, қор өсім көрсетпейді, себебі кірісті инфляция «жеп қояды». Ал инфляция төмен болса, кез келген болмашы кірістің өзі салымшы үшін оң нәтиже көрсете бастайды», – деді Саида Тілеуленова.
Экспорттық құны артып, елге валюталық кіріс әкелетін, теңгеге жасалған қысымды ішінара азайтатын алтын да, әлемдік нарықта оның құнының артуы да көп көмек болады. Солайша Қазақстандағы инфляцияның баялауы макроэкономикалық белгі ғана емес, зейнатақы қорының құнсыздануын азайтып, БЖЗҚ активтерінің бөлігінің нарықтағы құнын арттыратын фактор болып отыр.
Еске сала кетсек, Атырау қаласының Нұрсая шағынауданында Әл-Фараби атындағы BINOM мектебінің маңында автокөлік жеті жасар қызды қағып кетті.