Заңгер Жәмилә Төленова әлеуметтік желідегі жазбасында Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Солтүстік айналым көшесі 9 мекенжайындағы «Рахат» базарының қақпасын арматурамен байлап, кіруді бөгеген белгісіз екі адамның әрекетін сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жәмилә Төленова базардың алдындағы бөгет жайлы жазба жариялады. Оның айтуынша, өзін Қуаныш деп таныстырған, Жетісу ауданы әкімдігі қызметкерімін деген жігіттің полиция қызметкерлерін өз қалауымен жұмсауға құжаты жоқ.
«Президенттің «Заң мен тәртіп» бағдарламасы тек қарапайым халыққа ғана арналмағаны анық. Бұл әрекетті бейбастақтық деп атаудан басқа сөз таппай отырмын», — дейді заңгер.
Айта кетейік, базар аумағын сот шешімі бойынша 45 кәсіпкер өз еркімен босатқанына жылдан асты. Жәмилә Төленова бұл жағдайды «құқықтық тәртіпке нұқсан келтіретін әрекет» деп бағалап отыр. Бұл жағдайға қатысты әзірге құзырлы органдар түсініктеме бермеді.
Еске сала кетсек, Қазақстанда инфляцияның түсуі зейнатақы жинағының кірісіне оң ықпал етті. Енді БЖЗҚ өсуі мүмкін.