Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасады - видео

Qaz365.kz редакциясы

Белсенділер өздеріне қолдау көрсеткен Жаңаөзен халқына алғыс айтып, заңсыз әрекетке бармауын өтініп, алаңнан тарауын сұрады

стоп-кадр

Астанада қамауға алынған Жаңаөзен мұнайшыларының бірі видео жариялап, өздерін босатып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жолмұрат Лұқпан есімді азаматтың жариялаған видеосында ұсталғандардың бір тобын пойызбен, қалғанын ұшақпен үйіне қайтаратыны айтылған.
 Ол жұмыс мәселесі комиссиямен бірге шешілетінін айтты.  Белсенділер өздеріне қолдау көрсеткен Жаңаөзен халқына алғыс айтып, заңсыз әрекетке бармауын өтініп, алаңнан тарауын сұрады.
Айта кетейік, дүйсенбі күні Астанаға Жаңаөзендегі  «БерӘлі Маңғыстау Company» мекемесінің жұмыстан қысқарған 100-ге жуық қызметкері келген. Түнімен Энергетика министрлігі ғимаратының қонып шыққан азаматтарға бүгін тағы бір топ адам қосылды. Ал кешке оларды арнайы жасақ өкілдері алып тиеп алып кеткен. Осыдан кейін жерлестерін қолдаған жаңаөзендіктер жергілікті әкімдік алдына жиналды. Кейін қала әкімі елді сабырға шақырып, видео үндеу жасады.