Қарағанды облысындағы бірқатар ауылға қазақша атау беріледі

Qaz365.kz редакциясы

Бұқар Жырау және Осакаров аудандарындағы ауылдардың атауы ауысады

Elena Weber (RFE/RL)

Қарағанды облысына қарасты бірқатар ауылға қазақша атау беріледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Яғни Бұқар Жырау ауданындағы Новостройка ауылы Атамекен атауын алмақ. Сонымен қатар, Осакаров ауданындағы төменде көрсетілген ауылдардың атауы ауысады. 

- Звездный ауылдық округі - Жұлдыз;
- Тельман ауылдық округі - Нияз;
- Комсомольское ауылы - Қайыңды;
- Сенакосное ауылы - Қаратомар;
- Тельманское ауылы - Қаракөл;
- Чапаево ауылы - Жаңатоған ауылы болып өзгертіледі.

Құжат 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауында болады.