Алматыда қай көшелерге жөндеу жұмысы жасалады

Qaz365.kz редакциясы

Көшелерді жөндеуге 20 млрд теңге бөлінді

inbusiness.kz

Биыл Алматыда орташа жөндеу аясында ұзындығы 200 км-ден асатын 230 көшені қамту жоспарлануда. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Орташа жөндеу жолдардағы зақымдарды түзету, тозған жоғарғы қабаттарды қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстарды қамтиды.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмыстарды мердігерлік ұйымдарды анықтау бойынша конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін бастау жоспарлануда.

“Магистральдық көшелерді орташа жөндеуді 27 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда, ал аудандық маңызы бар көшелер 30 қазанға дейін жөнделеді. Жұмыстар басталар алдында әр көше бойынша жұмыстарды жүргізудің жоспарланған мерзімдері бар тізімдер жарияланатын болады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, ұсақ зақымдардың алдын алуды және шұғыл түзетуді көздейтін ағымдағы жөндеу  жұмсытары аясында Алматыда шұңқырларды бітеу, люктерді көтеру, жарықтарды жабу және басқа да жұмыс түрлері жүргізілетін болады. Осы мақсатқа қалалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінді. Ағымдағы жөндеумен 350 мың м2 астам аумақты қамту жоспарлануда, сондай-ақ 30 км тротуар мен 40 аялдама кеш.ені жөнделеді.

Жөнделетін көшелер тізімін мына жерден көре аласыз.