Президент: Кейбір мемлекеттік қызметшілер жұмысына селқос қарайды

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, бұл, әсіресе, бюджет қаржысын игеру ісінде қатты байқалады

hlps.ru

Тоқаев реформаларды жүзеге асырудағы бірқатар олқылықтарға тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Негізгі мәселе – жұмыстың сапалы орындалмауында. Сол себепті нақты нәтижеге қол жеткізе алмай отырмыз. Оның түрлі себебі бар. Кейбір мемлекеттік қызметшілер, басшылар өз жұмысына селқос қарайды, белсенді емес. Өзіне жауапкершілік алудан тартынады”, – деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бұл, әсіресе, бюджет қаржысын игеру ісінде қатты байқалады.

“Олар жұмысты сапалы орындауға емес, тапсырманы дер кезінде бақылаудан алуға баса мән береді. Соның зардабын бәріміз тартып отырмыз.

Жария етілген көптеген реформа әлі де баяу жүріп жатыр. Оны мойындауымыз керек. Сондықтан Үкімет ескі жұмыс тәсілін түбірімен жою үшін ерік-жігер танытуға тиіс”, – деді Тоқаев.