Профилактика жұмысы жүргізіледі
21 сәуірде еліміздің барлық телеарнасы мен радиостанциясында профилактика жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін «Қазтелерадио» ұлттық операторы 21 сәуірде телерадио хабарларын тарату арналарында алдын алу шаралары жүргізіледі деп хабарлаған.
Мұндай жұмыс үздіксіз және сапалы телерадио хабарларын таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Оператор тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді жабумен жоспарлы профилактикалық жөндеу жүргізеді.
21 сәуір күні сағат 3:00-ден 17:00-ге дейін хабар тарату тоқтатылды.