Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер азаматты қамауға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін Жетісай ауданының полиция бөліміне тұрғын шағымданып, өзінің кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық көрсетті деп арызданған.
Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды. Сонымен қатар бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды.
Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.