Ақтау қаласының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары осы жердің көрінісі мен "хош иісіне" куә болады
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаетың айтуынша, қаладағы ең сұмдық орындардың біріне желкенді спорт мектебінің жағалау сызығын жатқызуға болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Мен күткендей, 50 миллион теңге инвестиция құйылған жер иісі жағымсыз батпаққа айналды…
Бір қызығы, күн сайын Ақтау қаласының мыңдаған тұрғындары мен қонақтары осы жердің көрінісі мен “хош иісіне” куә болады, өйткені қаламыздың ең танымал көрікті жерлерінің бірі – тас жол осы жерден басталады”, – деп жазды блогер.