Алматы облысында 111 жастағы кейуана дауыс берді

Qaz365.kz редакциясы

Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін

inform.kz

Алматы облысында жүзден асқан кейуаналар саяси науқанда өз таңдауын жасап дауыс берді, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Олар — 111 жастағы Нұржамал Мергенбаева мен 103 жастағы Мұқсына Қалдыбаева.

Нұржамал Абдықалымқызы 1911 жылы 2 сәуірде дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әже тылда еңбек еткен. 15 немере, 12 шөбере, 5 немене сүйіп отырған кейуана әр қазақстандық саяси науқанда өз таңдауын жасау керек дейді.

“Балаларымның болашағы үшін дауысымды беріп отырмын. Елімнің өркендеуін, халқымның амандығын тілеймін”, – деді 111 жастағы кейуана Нұржамал Мергенбаева.