Енді проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа несие берілмейді

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты

inbusiness.kz

Енді проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа несие берілмейді. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Елімізде несие алушылардың қатары не себепті өсіп отыр? Олардың банкте бір проблемалық несиесі болса, оны жабу үшін микроқаржы ұйымдарынан жаңа несие алады. Бұл тұрғыда проблемалық несиесі тіркелсе, жаңа кредит беруге тыйым салу туралы ұсыныс енгіздік», - деді ол.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов елдегі тұтынушылық несиенің көлемі өсіп жатқанын айтып, 56%-бен несие беріп жатқан банктерді сынаған болатын.