Құмарға ойынға әуес болған - Алматыда ҰҚК академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсады

Qaz365.kz редакциясы

Ол үшінші курста оқыған

Фото: ratel.kz

30 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында курсанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ол үшінші курста оқыған. Өлімнің себебі суицид деп танылды.
Аталған фактіге қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу»бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Журналист Михаил Козачков Telegram арнасында өзіне қол жұмсаған курсанттың соңғы хатын жариялады. Хат мәтініне назар аударсақ, жас жігіт құмар ойынға тәуелді болғаны байқалады. Марқұм өзіне қол жұмсаған күні жаңадан алған несиесінің төлем уақыты келгенін жазған.
Ол  ата-анасынан кешірім сұрап, олардың көз жасына себепкер болғанына өкінетінін айтқан.