Жемқор шенеуніктерден тәркіленген дүние-мүлік қашан халық қажетіне жұмсалады

Qaz365.kz редакциясы

Қаржы вице-министрі айтып берді

v1a.ru

Мамырдың 4-і күні Сенат кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген мүлікті тек мемлекеттік органдардың ғана емес, халықтың да мұқтаждығы үшін сату ережелеріне қашан өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ержан Біржанов қоғамнан да осындай жұмыстар жүргізуге өтініштер түсіп жатқанын айтты.

"Иә, бұл бастама көтерілді. Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да жиі көтерілді. Бұйрыққа өзгерістер енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы өзгеріс тараптардың келісіміне байланысты. Өйткені құжат қабылдаудың мерзімдері, ережелері бар. Оның ішінде қоғамдық тыңдаулар, мақұлдаулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бар. Рәсімдерді сақтау қажет. Құжат жақын арада қабылданады деп ойлаймын", – деді ол.

Алайда Ержан Біржанов "егер ескерту жасалса, екінші рет қаралуы мүмкін" дегенді алға тартып, нақты мерзімін жарияламады.