15 мамырдан бастап Шымбұлаққа апаратын аспалы жолдар жабылады

Qaz365.kz редакциясы

14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады

instagram.com/shymbulakmountainresort

Алматыда 15 мамырдан бастап Шымбұлақ тау курортының аспалы жолдары жыл сайынғы жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады.

  • 15 мамырдан 31 мамырға дейін – "Медеу–Шымбұлақ" және "Комби–1" аспалы жолы;
  • 15 мамырдан 9 шілдеге дейін – "Комби–2" аспалы жолы;
  • ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады
"Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын - біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет", – делінген тау курортының ресми сайтында.