Адвокат баласы бар әйелдерге қайта тұрмысқа шықпауға кеңес берді

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, қазір біздің қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көптеген факторы бар

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Белгілі адвокат Facebook-тегі парашасында баласы бар аналарға қайта тұрмысқа шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Менің өмірімнің әр аптасы ер адамдар айыпталған соттарда, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы аса ауыр қылмыстар жайлы істен басталады. Бірінші некеден балалары бар қайта тұрмысқа шығайын деп жатқан аналарға ескертуім бар. Өкінішке қарай, әкелердің (өгей әкелер мен туған әкелердің) балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылығы артып келеді», – дейді Айман Омарова.

Оның айтуынша, қазір біздің қоғамда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың көптеген факторы бар.

«Әйелдер! Баламен тұрмысқа шықпаңыздар! Сіз жауапты балалардың қауіпсіздігі кейбір ер адамның махаббатынан әлдеқайда маңызды», – дейді адвокат.