Алматы әкімдігі тұрғын үйлердің біріне салынған қар барысы муралының неге ауыстырылғанын түсіндірді

Qaz365.kz редакциясы

Тұрғын үйге жарнамалық сурет салуға тұрғын үй иелері рұқсат берулері қажет

Ашық дереккөздерден

Алматы әкімдігі Абылай хан даңғылы, 59/61 үйіндегі муралды ауыстыруға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әкімдіктің мәліметінше, Абылай хан даңғылы, 59/61 мекенжайындағы тұрғын үйдің қасбетіндегі қар барысы муралын жарнамалық муралға ауыстыру туралы «Орман» тұрғын үй пәтер иелері кооперативі бастамашылық еткен. Сондай-ақ «Орман» ТПИК үйдің тұрғындарынан келісім алған («Орман» ТПИК ақпараты бойынша).

«5 мамыр күні қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 70 шаршы метрлік жарнамалық муралды орналастыру туралы хабарламаны тіркеді. Тапсырыс беруші компания бұл жарнаманы заңдастыру үшін басқармаға барлық қажетті құжатты ұсынды. Хабарламаны тіркеуден бас тартуға негіз болған жоқ, себебі эскиз ҚР жарнама саласындағы заңнаманың талаптарына толық сай болды»,- деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Айта кетейік, тұрғын үйге жарнамалық сурет салуға тұрғын үй иелері рұқсат берулері қажет.