Осы факт бойынша қала прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін қалалық полиция басқармасына жолданды.
Ақтөбедегі арнайы мекемеде балаларды ұрып-соққан. Қала прокуратурасы осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін полиция басқармасына жолдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ақтөбе облысы прокуратурасының мәліметінше, 2023 жылдың 27 сәуірінде № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызметкерлердің балаларды ұрып-соғып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Прокуратура қызметкерлері қорғаншылық және қамқоршылық органының, Ақтөбе облысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен, полиция қызметкерлерімен және медицина қызметкерлерімен бірлесіп, аталған мекемеге арнайы барды. Бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеу арқылы № 1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлерінің балаларды ұрып-соғу фактісі анықталды", - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша Ақтөбе прокуратурасы қылмыстық іс қозғап, тергеу үшін қалалық полиция басқармасына жолданды.