Тұлғалық даму үшін орыс тілін білу керек – Ақтолқын Құлсариева

Дина Әділ

ҚазҰПУ проректорының "Орыс тілі бәсекелестік артықшылығымыз" деген пікірімен келісесіз бе?!

aikyn.kz

"Тұлғалық даму үшін орыс тілін білу керек." Бұл туралы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

Қазақ ғылыми қоғамдастығының өкілдері Мәскеуде өткен Халықаралық "Орыс тілі: білім, ғылым, мәдениет" атты ғылыми-практикалық конференциясына  қатысқан. Ресей мен шетел ғалымдары, орыс тілі педагогтері мен студенттері бірігіп, елде және шетелде орыс тілін оқыту әдістерін талқылаған. 

"Ана тілінен басқа кез келген тілді білу тұлғаның өсуіне көмектеседі. Оның ішінде шекаралас  барлық елдер үшін орыс тілі маңызды. Сондықтан орыс тілі – біздің бәсекелестік артықшылығымыз", – дейді Ақтолқын Құлсариева.