Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті

Qaz365.kz редакциясы

Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті

Ашық дереккөздерден

Алматы облысында 10 оқушы астан уланып ауруханаға түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«19 мамыр күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасына 10 оқушы астан уланып түсті. Олар – Байтерек ауылындағы мектептің 5-ші сынып оқушылары. Балаларға барлық медициналық көмек көрсетіліп, тексеруден өтті. Жеті баланың жағдайы тұрақты, олар амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Ал қалған үш оқушы инфекциялық бөлімшеге жатқызылды. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.