Шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізіледі
Алматының бірнеше көшесінде күзге дейін көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
"Алматы жылу жүйесі" ЖШС Алматы қаласының бірнеше көшелері бойынша автомотокөлік қозғалысына шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізілетінін мәлімдеді.
Жол жүруге шектеу қойылатын аудандар төменде:
Енгізілген шектеу аталған көше сегменттерінің жүріс бөлігінің астында өтетін құбырларды қайта құрылымдау бойынша жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған.
"Тұрғындарға қолайлы жағдайды сақтау үшін олардың үйіне ыстық су уақытша схема бойынша беріледі.
Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.