Екібастұздағы тұрғындарға өтемақы төленеді

Qaz365.kz редакциясы

Өтемақы алу үшін тұрғындардың қандай құжаттары болуы керек?!

aikyn.kz

Екібастұздағы тұрғындарға өтемақы төленеді, деп хабарлайды qaz365.kz Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде шығынға ұшыраған азаматтар қала әкімінің атына еркін нысандағы өтінішпен жүгінеді. Өтініште өтініш берушінің деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі), нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы, зақымдану себебі көрсетілуі тиіс. Өтініштерді тіркегеннен кейін әкімдік тұрғын үйге залалды одан әрі өтеу үшін анықтаумен комиссиялық тексеру жүргізеді", – дейді әкімдікте.

Өтініштер күн сайын сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін мына мекенжайлар бойынша жылыту пунктілерінде қабылданады:

▪️№ 17 орта мектеп – Рабочая көшесі, 1;
▪️№ 4 орта мектеп – Абай көшесі, 84;
▪️№ 23 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 24;
▪️№ 36 орта мектеп – Сәтбаев көшесі, 23;
▪️№ 22 орта мектеп – Әуезов көшесі, 54а;
▪️№ 21 орта мектеп – Петренко көшесі, 7;
▪️"Өнер" МКК – Әуезов көшесі, 62а;
▪️Музыкалық мектеп – Әуезов көшесі, 55/1.