Қандай елдерге саяхаттауға болмайды – блогер көзімен

Qaz365.kz редакциясы

Айтуынша, бұл елдерге тәжірибелі саяхатшылар ғана келуі керек

lexielimitless.com

Жер шарын аралап шыққан блогер саяхаттауға болмайтын 10 елді атады. Айтуынша, бұл елдерге тәжірибелі саяхатшылар ғана келуі керек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

25 жастағы Экси Элфорд әлемнің барлық 196 елін аралаған ең жас саяхатшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Сапар кезінде қарапайым турист бірнеше қауіпті жерді тапты. Бойжеткен мұнысын өзінің YouTube арнасында айтты. 

Солтүстік Корея


Бұл жабық елдердің басты ерекшелігі, оған тек үкімет ұйымдастырған тур аясында әрі қатаң бақылаумен баруға болады. Эксидің айтуынша, экскурсия кезінде сізге елдің «шетелдіктерге көруге болатын» жерлері ғана көрсетіледі.

«Егер мемлекеттік бақылаушылардың көзінше шеңберден шығып кетсеңіз, салдары қауіпті болады. Мысалы, кешке қонақ үйге баратын кезде кететін уақыт болғанша сол жерде қалған жөн», - дейді Экси.

Экси бұл елді көрудің балама әдісін айтады. Ол – Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасындағы Кореяның демилитаризацияланған аймағына бару. Онда екі ел арасындағы демаркация сызығында орын тепкен көк ғимараттың ішінде Солтүстік Корея жеріне аяқ басуға болады.

Бангладеш

Кемшіліктері: мемлекетте қылмыстың жоғары деңгейі. Эксидің пікірінше, жағдайды елдегі халық пен көрші елдегі тәртіпсіздіктерден туындаған саяси тұрақсыздық шиеленістірген. Ютубер сексуалдық сипаттағы әрекеттердің жиі кездесетінін, сондықтан Бангладеш әйелдер үшін қауіпті  екенін атады. 

«Өкінішке қарай, қалта ұрлығы мен тонау өте көп. Бұл әр елде болады, бірақ турист ретінде бірден көзге түсесіз», - дейді блогер.

Әрі онда табиғи апаттардың жиі болатыны мен сенімді туристік инфрақұрылымның жоқтығын жеткізді.
Артықшылықтары: Бангладештің тамылжыған табиғаты көз тартады: өзен, джунгли, әлемдегі ең үлкен мангр орманы т.б. 

«Бұл керемет ел, онда мейірімді адамдар көп», - дейді Экси.

Ливия


Кемшіліктері: туристік компанияның көмегінсіз бара алмайтын әлемдегі санаулы елдің бірі. Қазіргі уақытта Ливия туристік виза бермейді. Бойжеткен ол жаққа 2019 жылы жұмыс визасымен барған. Әскери-саяси тұрақсыздыққа байланысты бүлік кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, яғни саяхатшылар өлімге немесе адам ұрлығы сынды келеңсіздікте басын қатерге тігеді. 
Блогер елде туризмге қажетті инфрақұрылым жетіспейтінін айтады, соның салдарынан саяхаттау өте қымбат.
Артықшылықтары: Қауіп-қатерге қарамастан, Ливияға сапарлауға тұратын ел. 

«Сан түрлі ерекше мәдениет пен әдемі пейзажға куә боласыз», - дейді ол бейнеде.

Жерорта теңізінің жағалауындағы ежелгі Рим қаласы – Лептис-Магнадан қалып, жақсы сақталған қирандыларды атап өткен жөн.

Орталық Африка Республикасы


Кемшіліктері: Оңтүстік Суданның басты мәселесі – шетелдіктерге көбінесе бүлікшілер шабуыл жасайды. Блогер сонымен қатар, елде қоғамдық көліктің аздығын айтады, сол себепті саяхаттау қымбат.
Артықшылықтары: саяхатшылардың дені елге жұмыс істеуге барса да, мұнда бірнеше мәдени ескерткіш пен ұлттық саябақ бар.

Сомали


Бұл елге барудың қауіпті болғаны соншалық, Лекси Сомалиге кіреберістегі қарулы күзеті мен бақылау-өткізу бекеті бар қонақ үйге аялдаған.

«Адам ұрлау мен лаңкестік әрекеттердің жиі болуына байланысты мұнда қарулы күзетсіз жүруге тыйым салынады», - дейді Лекси.

Ол Сомалиланд штаты саяхатшылар үшін біршама қауіпсіз екенін, бірақ брондалған көлік пен күзетші болуы керек екенін атап өтті.
Бұл сапардың басты ерекшелігі Сомалиланд астанасы Харгейсаға бару еді. Ол «әлемдегі ең көне әрі жақсы сақталған сына жазулары» бар қала шетіндегі Лаас-Гил үңгіріне көрген. Экси: «Бұл таңқаларлық сапар болды» дейді.

Сирия


Кемшіліктері: Сириядағы азаматтық соғыстың салдарынан онсыз да мешеу қалған инфрақұрылым жоғалып, қирандыға айналған. 

«Бұл жерде досымды үкімет ұрлап, біраз уақыт қамады. Бақытымызға орай, досым Сирия түрмесінде бірнеше айдан соң құтқарылды. Өзге саяхатшылардың жолы болмады», - дейді блогер.

Артықшылықтары: басты қаласы Дамаск қазіргі кездегі ең көне астана болып саналады. Телегей-теңіз тарихы мен бай мәдениеті бар.

Мали


Кемшіліктері: Малидің көп жері дені шариғат заңын өте қатаң ұстанатын исламшыл бүлікшілердің бақылауында. Әсіресе, бұл жалғыз-жарым саяхаттайтын әйелдер үшін өте қауіпті.

«Еуропалық әскерилерден Мали адам ұрлығы өршіп тұрған жер бетіндегі ең қауіпті орынның бірі дегенді естідім, өйткені ол жақтан ешкімді құтқару мүмкін емес», - дейді Лекси.

Артықшылықтары: ЮНЕСКО тізіміне енген Тимбукту қаласы және Дженндік ұлы мешіті көруге тұрарлық мекен. 

Йемен


Кемшіліктері: елде азаматтық соғыс өршіп тұр. Мұнда шетелдің елшіліктері аз, сондықтан қорғалу қиын. Йемен Қарулы Күштерінен басқа құқық қорғау органдары іс жүзінде жоқ.
Артықшылықтары: ютубердің айтуынша, Йемен – ең қызықты елдердің бірі.

«Ландшафы әр алуан таңғажайып орын», - дейді ол.

Йемен мәдениетін көрудің ең қауіпсіз жолы — Үнді мұхиты жағалауындағы Сокотра аралына бару.

«Бұл арал Йеменнен біршама дербес, ол жерде туристерді қуана қарсы алады», - дейді блогер.

Ауғанстан


Кемшіліктері: Бұл Лексидің өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы күзеті мен бақылау-өткізу бекеті бар қонақ үйге тоқтаған тағы бір ел. Мұның себебі 2021 жылы «Талибанның» билікке қайта оралуы еді. 
Артықшылықтары: Ауғанстанда әлемдік деңгейдегі туристік бағыт үшін барлығы бар: сан қырлы бай дәстүрі, дәмді ұлттық тағам, тереңнен тамыр тартатын тарихи ескерткіштер және ең бастысы, адамдары мейірімді.