Мәйіт 41 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды
29 қараша күні Талдықорғандағы Орталық саябақтың аумағында 41 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
“Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері анықталған жоқ. Іс жүзінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталып, түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданатын болады”, – делінген Талдықорған қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.