Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың осы банктегі бар несиесі кешіріледі
Абай облысындағы орман өрті кезінде қайтыс болғандардың отбасына 3 млн теңге көлемінде қаржылық қолдау көрсетіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде қаза тапқандардың отбасына 3 миллион теңге беріледі. Halyk Bank өртте қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына қаржылай көмек жібереді. Сонымен қатар өртте қаза тапқан азаматтардың және олардың отбасы мүшелерінің осы банктегі бар несиесі есептен шығарылады», - делінген банктің таратқан хабарламасында.