Семейдегі өрттің түтіні Жетісуға жетті

Qaz365.kz редакциясы

ТЖД тұрғындарға ескерту жасады

Видеодан кадр

Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті орман өрті салдарынан жел бағытының өзгеріп, өңірді түтін басуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды. Осыған байланысты сабырлы болуларыңызды және маска киюлеріңізді сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті тыныс алу органдарының ауруы бар адамдарға және қарт адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.