Алматылықтар өрттен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер қабылданады

kz24.news

2023 жылғы 12 маусымда Алматы қаласында Абай облысының тұрғындары үшін гуманитарлық көмек жинау басталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласындағы гуманитарлық көмек жинау пункті: Байтұрсынов көшесі, 22к1, 1 қабат мекенжайында орналасқан еріктілердің фронт-кеңсесі. 

Байланыс нөмерлері: (+7 747 821 64 78; +7 747 540 01 40). 

Қабылдау пунктінде кез келген көлемде заттар мен алғашқы қажетті азық-түліктер қабылданады. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмекке бірінші кезекте қажет заттар:
- көрпелер, ұйықтайтын сөмкелер;
- тыныс алу маскалары;
- термос, қол шамы, қуаттауыштар;
- жөргектер, дымқыл майлықтар, жеке және әйелдер гигиенасы құралдары;
- қажетті өнімдер (консервілер, печенье және т. б.);
- бір рет қолданылатын ыдыс;
- су және т. б.

Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін. Еріктілер штабының жұмысына «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ, «QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Медицина Жастары» РҚБ және т.б. сияқты ірі еріктілер ұйымдарының еріктілері жұмылдырылған.