Резиденцияның Елбасы қорының меншігіне қалай өткені белгісіз
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қамаудағы Қайрат Сатыбалды «Үшқоңырдағы резиденциясын Назарбаевқа сыйлағаны жайлы» Азаттық радиосының зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Бұл – қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын өрескел бұзу. Бір емес, бірнеше заңның бұзылуына куә болып отырмыз… БАҚ туралы заңға сәйкес, егер ол шындыққа сәйкес болмаса мемлекеттік органдар терістеуі тиіс. Кеше көргенім, бас прокуратура атына да, құзырлы органдарға сауал жолданған. Оған тиісті жауап та берілмеген», – деді депутат.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Азаттық радиосының сайты Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқаны жөнінде зерттеу жариялаған.
Бұл резиденцияның Елбасы қорының меншігіне қалай өткені белгісіз. Ақпаратқа қарағанда, резиденцияның меншік иесі сәуір айында, яғни Қайрат Сатыбалды түрмеде отырған кезде ауысқан.