Қоймамызда дым жоқ - Досаев

Qaz365.kz редакциясы

Әкімнің айтуынша, қоймаларға зат сатып алынып жатқан жоқ

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-нің брифингінде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қоймасында дым жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

“Осыған дейін Қызылордада әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация қоймасынан 100 тонна өнім қоқысқа төгілген болатын. Алматыда мұндай жағдай қайталануы мүмкін бе? Жалпы Алматының әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жұмысы қалай үйлестірілген?” – деп сұрады журналист.

Әкімнің айтуынша, қоймаларға зат сатып алынып жатқан жоқ.

“Біріншіден, біздің қоймамызда дым жоқ. Өйткені, өткен жылдан бері қоймаларға дым сатып алып жатқан жоқпыз. Ақшамен жұмыс істеп жатырмыз. “Magnum” сияқты үлкен компанияларға кредиттерді береміз. Жылдың басынан бастап компаниялар өздері 2000 тоннадай күріш, 1000 тонна май, 700 мың тоннадай гречка сатып алды. Қоймамызда дым жоқ. Қызылордадағыдай жағдай болмайды деп ойлаймыз”, – деп жауап берді Досаев.