Баланың бойы неге өспей қалады

Qaz365.kz редакциясы

Эндокринолог айтып берді

nordin.by

Эндокринолог Севара Ибрагимова “Ел арна” телеарнасының “Жаңа қадам” бағдарламасында баланың бойы өспей қалуының себебін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, кешкі уақытта балаға тәтті беру оның бойында өсу гормонының бөлінуін тежейді.

“Кешкі сағат 18:00-ден кейін тамақтануға болмайтынын айтып жатыр. Бірақ, кешкі 20:00-ден кейін баланың қарны аша бастайды. Бұл жағдайда балаға торт немесе піспенан берсеңіз, қанда глюкоза деңгейі жоғарылайды. Ал сағат 23:00-де “соматотропин” өсу гормоны бөлінеді. Қанда глюкоза деңгейі жоғарылап, өсу гормонының бөлінуін тежейді. Ал бұл баланың бойының өсуіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан балаға кешкі 20:00-ден кейін күрделі көмірсулар беруге болады. Күріш, гречка, қара нан, көкеністер беруге болады”, – дейді маман.