Ақмола облысында 2,6 мың адам Қазақстан азаматтығынан айырылды

Qaz365.kz редакциясы

44 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

aikyn.kz

Ақмола облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Биыл Ақмола облысының аумағында қос азаматтығы бар 2617 адам азаматтығынан айырылды. Олар Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша айыппұл түрінде жаза қолданылып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған 44 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген Полиция департаменті хабарламасында.