АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді

kolesa.kz/ Кирилл Каллиников

АИ-95 бензині қымбаттауы мүмкін. ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ал АИ-92 үшін қауіп жоқ дейді министр.

«АИ-92 маркалы бензинге келетін болсақ, біз қажетті соманы сақтап қойдық. АИ-92 үшін қауіп жоқ. АИ-95 бойынша белгілі бір қауіптер пайда болды. Бағаның өсуі болуы мүмкін, бірақ ол реттелмейді. Себебі, жаз мезгілінде, әсіресе, курорттық аймақтарға саяхаттар көбейеді. Осыған байланысты біз АИ-95-тен тәуекелдерді көріп отырмыз. Біз жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз», – деді Сәтқалиев сейсенбі күні Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлікте мұнай өндіруші ұйымдармен Ресей Федерациясынан АИ-95 қажетті көлемдегі импортын қамтамасыз ету туралы өтінішпен кеңес өткен.