Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

Qaz365.kz редакциясы

6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді

ашық дереккөзден

 

6 шілдеде қазақстандықтар Астана күнін атап өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

Үкімет Елорда күнін мерекелеу аясында демалыс күнін ауыстыруды бекіткен болатын.

2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін демалыс күні 1 шілдеден (сенбі) 7 шілдеге (жұма) ауыстырылды.

Осылайша, қазақстандықтар елорда күніне 6, 7, 8, 9 шілде 4 күн қатарынан демалады. Бұл ретте, сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

Сенбі және жексенбі демалыс күндерін есептегенде, шілдеде 11 демалыс күні болады.