Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды

Qaz365.kz редакциясы

Осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі шешіледі

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада жаңа ауыз су станциясының (ССС-3) бірінші кезеңі іске қосылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі қала әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Бұл қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге мүмкіндік береді, осылайша қаладағы су тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі. Станцияның құрылыс-монтаждау жұмысы аяқталып, гидро сынақтар жүргізілді. Іске қосу-баптау жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр. Тамызда ССС-3 екінші кезеңін бастау жоспарланып отыр, бұл бірінші кезеңімен бірге есептегенде тәулігіне 100 мың текше метрден астам су береді", - делінген хабарламада.

Осыған дейін қалада су құбырының құрылысы аяқталып, іске қосылған, бұл судың қысымын арттыруға және жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

"Бұдан бөлек Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман елді мекеніндегі сорғы-сүзгі қуатын кеңейту аяқталып жатыр. Бұл жобалар келешекте Астананы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша қосымша қуат береді. Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының ("Тұран", "Оңтүстік-Шығыс") құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЖЭО-3-те жұмыс жүргізілуде, оның құрылысы кешіктірілді. Бұл нысандарды жаңа жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр", – делінген хабарламада.