380 қажы далада қалды. Тоқаев ішкі істер министрлігіне жазалауды тапсырды

Qaz365.kz редакциясы

Сауд Арабиясында түрмеде отырған жерлестерімізге СІМ көмектесетін болды

Коллаж Qaz365.kz

«Zam-Zam Qazaqstan» компаниясы қажыларды далада қалдырды. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде осы істегі алаяқтық мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Президент қазақстандықтарды қажылыққа жіберген туристік компания ұйымдастырушылары жазаға тартылуы керектігін алға тартты.
 Ал Сауд Арабиясында түрмеде отырған жерлестерімізге СІМ көмектесетін болды. 

«Жақында бір туристік компания заңға бағынатын бір топ азаматты алдап, оларды қажылыққа жіберген. Енді кінәсіз адамдар Сауд Арабиясының полиция учаскесінде қамауда отыруға мәжбүр. Осындай алаяқ компанияның заңға қайшы әрекеті азаматтарымыздың денсаулығына, олардың моральдық жағдайына және жалпы еліміздің беделіне үлкен нұқсан келтіріп отыр. Бұл жерде, әрине, адамдардың құқықтық сауатсыздығы да бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Ол мемлекетіміз, яғни Сыртқы істер министрлігі оларға барынша көмектесуі қажет деп айтты.


«Ал Ішкі істер министрлігі алаяқ компанияның басшылығын, қызметкерлерін заңға сәйкес жауапқа тартуға тиіс. Әділетті қоғам құрамыз десек, дәл осындай өзекті мәселелерді шешуіміз керек», - деді Президент.

Айта кетейік, жалған құжаттың кесірінен 380 қажы далада қалған болатын.