Адамды азаптау, қинау деген мүлдем болмау керек. Президент полицейлерге үндеу жолдады

Qaz365.kz редакциясы

Оның айтуынша, күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады.

 

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде заңға бағынатын адамға құрметпен қарап, адамды азаптауға, қинауға мүлде жол бермеу керектігін атап өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.


«Адамды азаптауға, қинауға, тыйым салынған тергеу тәсілдерін қолдануға мүлдем жол берілмейді. Әрбір тәртіп сақшысы мұны жете түсінуге тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, күнделікті жұмыста осы талаптар сақталса, азаматтардың полицияға деген сенімі артады.
 

«Әрине, қоғам тарапынан да құрмет болуы керек. Халықтың түсінігінде полиция азаматтарды қорғаушы, қолдаушы, қылмыстың алдын алушы, заңның орындалуын қадағалаушы болуға тиіс. Өкінішке қарай, қазір ел арасында полицияның келбеті, беделі дәл сондай деп айта алмаймыз. Тәртіп сақшысының заңды талабына бағынбау, оған қоқан-лоққы көрсету, тіпті, күш қолдану дұрыс емес. Осындай әрекеттерді доғару керек. Мұндай жағдайда бұзақылар жауапсыз қалмауы қажет», –  деді мемлекет басшысы.