Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың отбасыларына көмір таратылды

Qaz365.kz редакциясы

Шара Иман журналының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған

Muftiat.kz

 ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының қолдауымен республикалық "Иман" журналының 20 жылдығы аясында елордадағы 20 отбасыға көмір таратылды, деп хабарлайды qaz365.kzтілшісі.

"3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні. Осыған орай қайырымдылық шарасына негізінен мүмкіндігі шектеулі жандары бар отбасылар қамтылды. 20 отбасының әрқайсысына 10 қап, яғни жарты тонна көмір таратылды. Сондай-ақ жанұяларға азық-түліктер жеткізілді", – делінген қайрымдылық қорының жазбасында.

Қайырымдылық шарасына БАҚ өкілдері, атап айтқанда республикалық "Егемен Қазақстан", "Айқын" газеттерінің тілшілері, сондай-ақ Діни басқарманың "Мұнара", "Иман" басылымдарының қызметкерлері мен авторлары қатысқан.