Санаторий мен курортқа жолдаманы қалай ала аласыз

Qaz365.kz редакциясы

Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді

dic.academic.ru

Денсаулық сақтау министрлігі санаторий мен курортқа баруға жолдаманы қалай алуға болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Жолдама алу үшін емханадағы тіркелген жері бойынша учаскелік дәрігерге (жалпы практика дәрігері) бару қажет. Бұл ретте, пациент тиісті тексеруден өтеді (қан, зәр жалпы талдауы, ЭКГ, флюорография және ауруға байланысты басқа да тексерулер).

Осыдан кейін науқас «ауруханаға жатқызу бюросы» порталында бекітіледі», – делінген Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінде.

Атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінде санаторий-курорттық емдеуге жолдама негізгі ауру бойынша белгілер болған кезде беріледі.