Терминдер жинағы дайындалып жатыр

Qaz365.kz редакциясы

Бұдан әрі зерделеу ісі бойынша ынтымақтастық тереңдемек

Ашық дереккөздерден

Бүгін Мемлекет тарихы институты мен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Жобалау кеңсесі жұмыс басымдықтарын талқылады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жобалық кеңсенің басшысы С.Қасымов саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын тілге тиек етті. Сонымен бірге саяси-қуғын сүргінге қатысты терминдер жинағы да дайындалып жатқанын жеткізді.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау шаралары ұлттық жадымыздың қайта жаңғыруымен бірге азаматтық сана-сезімді бекіте түседі. Біздің ұлттық бірегейлігіміздің де өзегі осы кезеңмен тұспа тұс келеді», - деді институт директоры Н.Пұсырманов.

Бұдан әрі зерделеу ісі бойынша ынтымақтастық тереңдемек.

Еске сала кетсек, осы жылдың 5 шілдесінде Астананың 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Мемлекет тарихы институты мен Астана қаласының Мемлекеттік архиві өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында «Тарих сыры - архив деректерінде» жобасы іске қосылды.