Бір ай бойы ең төменгі жалақы мөлшері - 70 мың теңгеге өмір сүру мүмкін бе

Qaz365.kz редакциясы

Блогер эксперимент жасап көрді

Instagram / GlebPonomarevKZ

Шенеуніктердің айтуынша, елімізде 70 мың теңгеге бір ай өмір сүруге болады. Блогер Глеб Пономарев елдегі ең төменгі жалақы 1 айға жетеді ме деген сұрақпен эксперимент жасап көрген. Алайда шығын ретінде пәтер жалдау ақысы мен отбасы мүшелерін санамаған, яғни бір адамға ғана негіздеген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Эксперимент мақсаты елдегі ең төмен жалақы мөлшері қаншалықты шынайы есептелгенін тексеру дейді Глеб Пономарев Facebook парақшасында. Эксперимент 1 ай емес, 13 күнге ғана созылған, себебі 70 мың теңгенің жеткен жері осы.

"Мен эксперимент шарттарын барынша жеңілдеттім. Отбасы мүшелерінің шығыны мен пәтер ақысын қоспадым. Сондай-ақ, киім алмадым, несие болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастырмадым. Көбіне жаяу жүрдім", – дейді блогер.

70 мың теңге қайда жұмсалды?

Коммуналдық шығындар: 15 000 теңге (21,4%)

Азық-түлік: 32,032 теңге (45,7%)

Тұрмыстық химия: 2,285 теңге (3,2%)

Шаштараз: 4000 теңге (5,7%)

Ұялы байланыс шығыны: 2,490 теңге (3,5%)

Жол ақысы: 480 теңге (0,6%)

Дәрі-дәрмектер: 15,020 теңге (21,4%) (дәрі-дәрмек құны бюджеттен асып кетті).

«Эксперимент барысында өмір сүру деңгейім барынша төмендеді. Ешқандай мекемелер, ойын-сауық, фитнес залдары, кинотеатрлар жоқ. Экспериментке кем дегенде бір баланы немесе киім-кешек сатып алуды, несие секілді заттарды қоссам қаржы 2-3 күнде бітер еді. 70 мың теңгеге тіпті бір адамның өмір сүруі мүмкін емес. Денсаулық пен психикаға үлкен зиянмен күн санап аман қалу ғана мүмкін шығар. Өкінішке орай, қоғамның басым бөлігі осылай өмір сүріп жатыр», – дейді Глеб Пономарев.