ҚТЖ неге жазда билет жетіспеушілігі байқалатынын түсіндірді

Qaz365.kz редакциясы

Егер билеттер болмаса, “Күту парағы” қызметін пайдалануға болады

ҚТЖ

Қазақстан темір жолы неге жазда билет жетіспеушілігі болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жазғы маусым мен мерекелер қарсаңында жолаушылар тасымалына сұраныс артады.

“Егер билеттер болмаса, “Күту парағы” қызметін пайдалануға болады.

Қызмет билетті қайтару нәтижесінде, сондай-ақ қосымша вагон қосу немесе қосымша рейс тағайындау кезінде орын сатып алу мүмкіндігін береді”, – делінген хабарламада.