Смайылов қаржыны игере алмай отырған облыстарды сынға алды

Qaz365.kz редакциясы

«Ауыл - Ел бесігі» жобасына соңғы үш жылда 326 млрд теңге бөлініпті

Фото: пресс-служба Премьер-Министра


Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов қаржыны игере алмай отырған облыстарды сынға алды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Өйткені «Ауыл - Ел бесігі» жобасына соңғы үш жылда 326 млрд теңге бөлініпті. Бірақ бөлінген қаржыны игеру Павлодар, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жақсы болғанымен, жаңадан құрылған Ұлытау мен Алматы облысында әкімдер ұқсата алмай жатқан көрінеді.
 

«Алайда Алматы және Ұлытау облыстарында  деңгей төмен. Бюджет қаражатын   тиімсіз жоспарлау және пайдалану,   тендерлерді уақытында өткізбеу,   тиісті бақылаудың болмауы   объектілерді енгізу мерзімдерінің   бұзылуына әкеледі. Мысалы, өткен жылы   Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында   медициналық мекемелердің құрылысына қажетті қаражат   толығымен бөлінген болатын. Алайда  құрылыс жұмыстары   әлі күнге дейін аяқталмаған», - дейді Әлихан Смайылов.


Ол сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының   Мүсірепов атындағы ауданда   ұзындығы 53,5 шақырым болатын   жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ жоспарланған көлемнен   небәрі  26,5 шақырым жол   пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындылмай отыр деп айтты.


«Бір ауданда   бірнеше жоба іске асырылып,   басқа ауданда   бірде-бір жоба іске асырылмайтын жағдайлар   болмауы керек. Бұл ретте,   перспективасы бар елдімекендердің дамуы   айрықша көңіл бөлуді талап етеді. Олар кейіннен   жақын маңдағы перспективасы аз елдімекендердің тұрғындарын   тарту керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша   биыл Ауылдық аумақтарды дамытудың   2027-ші жылға дейінгі   тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оның шеңберінде   «Ауыл – Ел бесігі» жобасы   ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша   негізгі құралдардың бірі болып белгіленді. 2027 жылы   даму әлеуеті жоғары   3,5 мың ауылдың барлығын   Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне дейін   жеткізу күтіліп отыр», - деді Үкімет басшысы.