Жер дауы: Депутат Базарбек Алматының тау бөктерін иеленген генералмен кездесті

Qaz365.kz редакциясы

800 гектардан астам жерді иеленген

ulysmedia.kz

Каникулда жүрген бірнеше депутат Алматы облысындағы Ерменсай бөктерінен видео жариялады. Ішінде Бақытжан Базарбек тау бөктеріндегі 900 гектарға жуық жер ІІМ генералы-майоры Павел Максимович Новиковқа қалай беріліп кеткенін айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Маусымда Парламент Мәжілісінін пленарлық жалпы отырысында мен Алматының Ерменсай таулары мен ормандары 18 кадастрлік нөмермен бір заңды тұлғаның жеке меншігіне өтіп кеткенін мәлімдеп, прокурорлардан тексерістің ашылуын талап еттім. Бас прокуратура тексеріс ашпаған соң, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясы аясында өзім арнайы комиссия құрып, аталған жерлерге әріптестерім Ерлан Стамбеков, Сергей Пономарев және Алматы қаласы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Ержан Ташпенбетовпен, "Аманат" партиясы өкілдерімен барып қайттық. Аталған тау бөктері мен орманмен қамтылған 860 гектар жердің иесі белгілі МВД генералы-майоры Павел Максимович Новиков болып шықты», - деп жазады депутат әлеуметтік желіде.

Тау бөктерінің аумағына бөгде адамдар кіре алмайды.

«Жердің меншік иесі – генерал Новиков. Таудың бөктерінің бәрі соның жеке меншігі екен. 2004 жылы Қарасай ауданы әкімдігі осы жердің бәрін беріп жіберген. 2015 жылы Байбектің кезінде бұл жер 18 кадастрлық нөмірге бөлінген. Тау бөктерін аралау үшін жарты сағат керек. Кіре берісте шлагбаум қойылған. Адам кіре алмайды. Сондықтан, біз депутаттар осы жерге келдік. Ерменсай өңірінің адамдары маған арыз жазған. Жерді тексеруді өтінген. Сол үшін келіп отырмыз», - дейді ол.

Сол жерге жердің меншік иесі генерал Новиков та келген екен. Видеода депутаттың генералмен сөйлескен сөзі көрсетіледі. Новиков жерді қайтаруда өз позициясын айтады. 800 гектардан астам жердің өртеніп кетпеуіне, жабайы ағаштарына, жануарлар әлеміне жауапты екенін түсіндірмек болады.