Жүйеде әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары да көрініп тұрады
Қазақстанда балабақшаға кезекке тұруға арналған бірыңғай база іске қосылады. Себебі қазір мұндай жүйе әр қалада жеке істеп жатқандықтан, бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол беріледі екен. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің директоры айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап
Оның сөзінше, қазір жауапты ведомство цифрлық даму министрлігімен бірігіп, база дайындамақшы. Сонымен қатар, ол жүйеде әлеуметтік осал топтағы отбасы балалары да көрініп тұрады. Яғни, оларға автоматты түрде тегін тамақ беру мәселесі сол арқылы шешіледі.
– Бұл қызметің ашықтығын, деректердің бірыңғай тізілімін және сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуды қамтамасыз етеді. Отбасылық жағдайға байланысты ата-аналардың мектепке дейінгі ұйымды таңдауының жаңа тәсілі пысықталып жатыр, – деді ҚР Оқу ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева.
Осыған дейін мемлекеттік балабақшалар қашан 100% қазақ тілінде болатынын жазған болатынбыз.