Алматыдағы тегін қазақ тілі курстарына кімдер қатыса алады

Qaz365.kz редакциясы

Оқыту тамыз-желтоқсан айларында өтеді

turkystan.kz

Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен, Мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқыту төмендегі аудиторияларды қамтиды:

  • мемлекеттік қызметшілер;
  • қала тұрғындары;
  • этнос өкілдері;
  • ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері.

Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта, тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.

Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен Алматы қаласы аудан аумағындағы кітапханаларда.

Қазақ тілін үйрену курсына жоғарыда көрсетілген топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.

Байланыс телефондары:

  • Мемлекеттік тілді дамыту институты  8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.
  • Ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:
  • Алатау - 2998649;
  • Алмалы - 8776 830 03 67;
  • Әуезов - 3032558;
  • Бостандық - 2755068;
  • Жетісу - 3842754/75; 8700 770 70 73;
  • Медеу - 2916434;
  • Наурызбай - 3074553; 8 708 767 97 41;
  • Түрксіб – 2231115.