«ҚАҒАНАТ» енді халал емес пе

Qaz365.kz редакциясы

Бұл туралы Алматы орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан не дейді?

muftyat.kz

Халыққа адал тағам ұсынуды мақсат тұтқан «ҚАҒАНАТ» асханалар желісі енді халал емес. Бұл туралы Алматы орталық мешітінің бас имамы Төлеби Оспан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті тұтынушылар! «Халал Даму» мен «QAGANAT» асханалар желісі арасындағы №288 келісімшарттың аяқталуына байланысты еліміздің барлық өңіріндегі «QAGANAT» асханалар желісі «Халал Дамудың» бақылауында емес екенін хабарлаймыз», - делінген бас имамның жазбасында.

Айта кетейік, «ТЕЗ», «ДӘМДІ», «ТАЗА» және «ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒА» деген негізгі төрт принцип бойынша жұмыс жасайтын «ҚАҒАНАТ» қоғамдық тамақтану нарығында 1996 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің халал сертификатына 2018 жылдың күзінде ие болған еді. Сол кездегі дерек бойынша, алғашқы асханасы Алматы қаласы, Тастақ ауданында үш қана қызметкердің жұмысымен басталған мекеменің бүгінде Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында 25 асханалар желісі және 1000-нан аса қызметкері бар. Күн сайын әр асхана 1000-нан аса тұтынушыны тамақтандырып, айына 750 000 адамға қызмет көрсетеді.